Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Еңбекминінің 2020 жылғы жұмысын қорытындылады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен жылы Төтенше жағдай және карантиндік шектеу кезеңінде барлығы 4,6 млн адам жалпы сомасы 476,1 млрд теңгеге 42 500 теңге көлеміндегі төлемдер алды.
Одан бөлек 25 млрд-тан астам теңгеге 1,1 млн-нан астам адам азық-түлік тұрмыстық жиынтықтар сатып алуға қосымша қолдау көрсетілді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу шеңберінде 124,2 мың адам 7,6 млрд теңге сомасында біржолғы төлем алды, бұл 2019 жылғы төлем сомасынан үш есеге артық. ҰОС қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдары үшін материалдық көмектің мерейтойлық мөлшері орта есеппен 1 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың көлемінен орта есеппен 4 есеге артық. Алғаш рет «Ардагерлер туралы» жаңа заң қабылданды, - деп айтты министр.
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін жетілдіру бойынша да үлкен жұмыс атқарылды.
Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу басты жаңашылдық болды. Оның ерекшелігі –мүгедектігі бар адамдардың оңалтудың техникалық құралдары мен арнаулы әлеуметтік қызметтерді олардың рейтингін, басқа пайдаланушылардың пікірлерін, бағасы мен сапасын ескере отырып, өз бетінше таңдау мүмкіндігі. Сервис оңалтудың техникалық құралдары мен арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу мерзімін 6 айдан 15 күнге дейін қысқартуды; бизнес-процестердің ашықтығын, делдалдық қызметтерді жоюды; бағаларды біріздендіруді, бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Портал 400 мың мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың техникалық құралдарымен және арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша қамтиды. Өткен жылы еліміздің игілігі үшін жауапты еңбек етіп, әрі қарай оның дамуына қатысуға дайын барлық азаматтарға алғыс айтқым келеді. Алдағы жыл бізге жаңа перспективалар ашады, яғни жаңа міндеттер пайда болады, - деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов.
Ол алдағы жылда тұрған міндеттерге тоқтала кетті.
Біздің міндетіміз – азаматтардың өмір сүру сапасының өзгеруіне қол жеткізу. Бұған тек бірлескен қажырлы еңбекпен қол жеткізуге болады. Бұл біздің қолымыздан келетініне сенімдімін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерлерінің және өңірлердегі әріптестеріміздің жоғары кәсібилігі мен еңбекқорлығы осындай сенімділіктің негізі болып табылады. 2021 жылы халықтың өмір сүру сапасының артуын, отбасы мен рухани құндылықтардың нығаюын шын жүректен тілеймін! Келер жыл еліміз үшін жақсылық пен жасампаздық жылы болсын. Барша қазақстандықтарға зор денсаулық тілеймін, әр шаңыраққа амандық, бақыт пен махаббат, қуаныш пен өзара түсіністік тілеймін! – деп түсіндірді Еңбек басшысы.