Биржалық сауданы дамыту бойынша заң жобасы әзірленді

21 Қыркүйек 2021, 21:38
1371
Бөлісу:
Биржалық сауданы дамыту бойынша заң жобасы әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ: Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 46-тармағына сәйкес Сауда және интеграция министрлігінде тауарлық биржалар қызметін реттеуді жетілдіру заңнамасы бойынша іс-шара бекітілді.

Биржалық сауданы дамыту бойынша алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Министрлікпен биржалық сауданы жетілдіру мен дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді. 

Аталған Заң жобасы үш негізгі бағыт бойынша биржаны дамыту көзделген:

  • Тауар биржаларының қызметінің талаптары мен ашықтылығын арттыру.
  • Биржалық сауданы дамыту үшін бәсекелес орта мен шарттарды қалыптастыру.
  • Биржалық сауда көлемін арттыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы қаулысымен Заң Жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне енгізілді.  

17 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитеті заң жобасын қарауға қабылдады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің 2021 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды.

2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде конференц-байланыс режимінде заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының 3 отырысы өтті.

Құрамында министрліктер мен бизнес өкілдері бар жұмыс тобында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының заңын өзгерту және толықтыру жөніндегі жекелеген нормалар талқыланды.

Жұмыс тобының отырыстары аяқталғаннан кейін заң жобасы комитет отырысында қаралып, содан кейін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына жіберілетін болады.

Заңнамаға аталған толықтыруларды енгізу қолжетімділікті жақсартуға және биржалық сауданың көлемін ұлғайтуға, жаңа, соның іщінде шетелдік серіктестерді тартуға, бәсекелестік ортаны құруға, шынайы бағаларды орнатуға, биржалық мәмілелердің анықтығын қамтамасыз етеді. Осының бәрі бірлесе тұрақты және бәсекеге қабілетті отандық биржа саласын қалыптастырады.

Өзгелердің жаңалығы