Биржада доллар бағамы өсіп барады

7 Тамыз 2019, 12:21
1926
Бөлісу:
Биржада доллар бағамы өсіп барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биржада доллар бағамы өсіп барады. KASE-тегі сауда-саттық нәтижесі бойынша, ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 387,45 теңгені құрады.

6 тамыз күнгі сессия қорытындысына сәйкес, бір доллардың бағасы 386,97 теңгені құрады. 7 тамыз күнгі алғашқы сауда-саттық келісімі 387,4 теңге бағасымен өтті, бұл ең төменгі баға болды. Ал ең жоғарғы баға 387,57 теңгеге жетті. Сауда-саттық көлемі 51,950 миллион долларды құрады.

Kurs.kz мәліметінше, валюта айырбастау орындарындағы теңге бағамы 390 теңгеге жетті. Қазір ұлттық валюта бағамы 388,5 теңге - 390 теңге аралығында құбылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы