Біртановқа қатысты сот үкімі шықты

28 Қазан 2022, 16:22
1151
Бөлісу:
Біртановқа қатысты сот үкімі шықты
Фото: Tengrinews.kz

Бүгін елордада бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің ісіне қатысты сот шешімі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Біртановты Қылмыстық кодекстің 3-тармақ 4-бөлім 361-бабында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып және бес жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалсын, - деп атап өтті үкімді оқыған судья Әлкенов.

Сот бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың орынбасары болған Олжас Әбішевке 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгілеу туралы шешім шығарды. Сондай-ақ пробациялық бақылау өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымға ие болу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, қаржылық нарықты реттеу, бақылау мен қадағалау бойынша құзыретті органдар мен қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру туралы пробациялық бақылауды бекіту туралы қаулы етті. 

Қылмыстық кодекстің 44-бап 1-бөліміне сәйкес Әбішев  негізгі жазасын өтеу мерзімі бойы жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке  тартылсын, - деді үкімді оқыған судья.

Елжан Біртановқа бұған дейін санавиацияның бортын заңсыз пайдалану бойынша таңылған айып бойынша судья оны ақтап шығарды.  

Өзгелердің жаңалығы