Бірқатар компанияларға сәйкессіз сертификаттары үшін 4 млн теңге айыппұл салынды

17 Қыркүйек 2024, 16:08
378
Бөлісу:
Бірқатар компанияларға сәйкессіз сертификаттары үшін 4 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Арман Мухатов - Архив

Қазақстандық компанияларға сәйкессіз сертификаттары үшін 4 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы департаменті сәйкестікті бағалауды жүргізу қағидаларын сақтамай, сынақтардың нәтижелерін үш компанияға бұрмалап беру аясында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 415-1-бабы бойынша әкімшілік істі қарауды аяқтады. Нәтижесінде айыппұл салынып, аккредиттеуді тоқтату туралы шешім қабылданды.

Бұзушылық фактілері келесі аккредиттеу субъектілерінің қызметінде анықталды:

«Электромагниттік үйлесімділік және ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС (ҒТО ЭлмасБИС): Компания «Желілік сүзгілер» дизайны мен функциялары бойынша ерекшеленетін 11 сүзгі моделіне берген сәйкестікті тек бір үлгі негізінде қарастырып берген. Бұл ретте өнімнің барлық түрлеріне сынақтар жүргізілген жоқ, бұл сәйкестікті растау үшін үлгілерді іріктеу ережелері бұзылды.

«Прикаспийский центр сертификации» ЖШС филиалы (ПЦС): «Flexible Fast Charger 1.0 CEE 16A (3 фазалы) зарядтағышқа арналған кабельге» және «жоғары вольтты батареяларға арналған сымдар» сәйкестік сертификаттары техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін сынақ хаттамалары негізінде берілген. Қолданылған стандарттар өнімнің осы түрлерін қамтымайды, сондықтан бұл ережелер де сақталмаған.

«COSMOMED» ЖШС: компания «балалар капюшондарына» КО ТР 007/2011 техникалық регламентінде көзделмеген әдістерді қолдана отырып, «Ауадағы уыттылық индексі» көрсеткіші қамтылмаған хаттамаларын пайдаланып сәйкестік сертификаттарын берген.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты жоғарыда аталған барлық сәйкестік сертификаттары жойылды.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жалпы сомасы 4 116 580 теңгеге әкімшілік айыппұл салу туралы Қаулы шығарды және осы компанияларды аккредиттеу аттестаттарының қолданылуын 6 ай мерзімге тоқтатты.

Өзгелердің жаңалығы