Бірнеше өңірде жаңбыр жауып, күн суытады

9 Қазан 2024, 21:46
355
Бөлісу:
Бірнеше өңірде жаңбыр жауып, күн суытады
Фото: -архив

10 қазанда еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-батыста, солтүстікте нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі.

Тек оңтүстік-шығыста, шығыста, еліміздің орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, еліміздің оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл болады, батыста, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі. 

Павлодар, Ақмола облыстарында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, ШҚО-ның орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, БҚО-ның солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қостанай өңірінің батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, СҚО-ның шығысында, Қызылорда облысының батысында өрт қаупі жоғары болады, - делінген хабарламада.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктері мен шөлейтті аудандарында, Жамбыл өңірінің солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының басым бөлігінде, ШҚО-ның батысында, Абай облысының Үржар ауданында, батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы