Бірнеше облыста 9 жаңа су қоймасы салынады

12 Қазан 2021, 10:58
2817
Бөлісу:
Бірнеше облыста 9 жаңа су қоймасы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады.

Оның айтуынша, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының «Үнемді Қазақстан» бағыты бойынша 9 жаңа су қоймасын салу көзделіп отыр.

«Суды үнемді пайдалану арқылы өнімділікті арттыру» міндеті аясында 401 арнаны реконструкциялау және 212 арнаны цифрландыру есебінен суару кезіндегі су ысырабын 4 шақырым кубқа азайту жоспарланыпты.

Ұлттық жобада суарылатын жерлерді 600 мың гектарға ұлғайту шаралары қарастырылған. Қосымша суару көздерін құру үшін 2025 жылға дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында су жинау көлемі 1,7 шақырым кубты құрайтын 9 жаңа су қоймасын салу көзделіп отыр, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар жоба өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жабдығын және бюджеттік сектордағы жарықтандыруды жаңғырту есебінен энергия тиімділігін арттыратын болады.

Еске сала кететін жайт, бұған дейін Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпорын шығарындылары 20%-ға төмендейтіні туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы