Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпорын шығарындылары 20%-ға төмендейді

12 Қазан 2021, 10:40
10162
Бөлісу:
Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпорын шығарындылары 20%-ға төмендейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Аманғалиұлы хабарлады.

Оның айтуынша, өзі басшылық ететін ведомство «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеген.

Ұлттық жоба халықтың қолайлы өмір сүру ортасын құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

 

Ол 4 негізгі бағытты қамтиды. Солардың бірі – «Таза Қазақстан» атты бағыт атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздің су объектілерінің экожүйелерін сақтау сияқты негізгі экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Бұл бағыт аясында 5 жылдың ішінде 16 ірі өнеркәсіптік кәсіпорында шығарындыларды 20%-ға төмендету жоспарланып отыр, - деп атап өтті Серікқали Аманғалиұлы.
 

Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлектеп жинауға арналған 8 мыңнан астам контейнер орнатылады. Сондай-ақ олардың үлесі мен кәдеге жаратылуын 18%-дан 34%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

 

Су объектілерінің экожүйесін сақтау бөлігінде «Сырдария өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңін іске асыру жоспарланып отыр. Балқаш көлінің бассейнінде орналасқан өзендердің су көлемі мен өткізу қабілетін ұлғайту шаралары қарастырылған, - деді Экология министрі.


 

Өзгелердің жаңалығы