Бірқатар комитетте коррупциялық қауіптер анықталды

4 Маусым 2021, 13:05
1622
Бөлісу:
Бірқатар комитетте коррупциялық қауіптер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша V Республикалық кәсіпкерлер форумында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты. 

Оның айтуынша, бұл форум бизнесті сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселелерін ортаға салып, ортақ шешімге келетін тиімді құрал.

Осы бағытта аз шаруа атқарылған жоқ. Энергетика министрлігі, Санитарлық эпидемиологиялық бақылау, Фармацевтикалық бақылау, Ішкі мемлекеттік аудит комиеттері және Алматы, Түркістан облыстары әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасалды. Сегіз салаға антикоррупциялық мониторинг жасалды. Олардың қатарында жер қатынастары, құрылыс, агроөнеркәсіптік кешенді, азық- түлік өнеркәсібін қолдау, экологиялық реттеу, кәсіпкерлерге субсидия беру, білім беру гранттарын бөлу, авторлық құқық салалары бар. Әрбір блокпен жұмыстан кейін нақты іс-шаралар, оларды жүзеге асыру жолдары ұсынылды, - деді ол.

Оның айтуынша, Энергитка министрлігінде жер қойнауын пайдаланушыларымен келісімшарт талаптарын бақылау мен мониторингілеуде, газды бөлу процедураларында коррупциялық қауіптер анықталды. Мониторинг нәтижесі бойынша оны жою үшін 70 ұсыныс беріліп, оның 91 пайызы жүзеге асырылды. Сол сияқты Мемлекеттік ішкі аудит комитетінде де бірқатар коррупциялық қауіп тіркелді.

Соның ішінде сатып алудың камералдық бақылау жүйесінің жетілдірілмегені, шамадан тыс әкімшілік кедергілер, бұзушылықтарды анықтаудың әдістемесі сапасының төмендігі сынды процестер бар. Олар бойынша 46 ұсыныс біріліп, оның 36 пайызы орындалды. Орындалған шаралар ішінде мемлекеттік аудитке нысандарды таңдау кезінде қауіпті бағадау әдістемесі бекітілді, бұзушылықтар класификациясы қайта қарастырылды, мемлекеттік сатып алудың веб-порталдағы аналитикалық қызметі жетілдірілді. Денсаулық сақтау саласында да мониторингтік тексеру нәтижелері негізінде бизнеске қойылатын талаптардың санын қысқарту, мониторингілеудің жаңа алгортимі енгізілді. Бұл осы саладағы кәсіпкерерді толғандырып жүрген үлкен мәселелердің бірі болатын. Денсаулық сақтау және Ішкі істер министрлігімен бірлесеп мониторингтік топтар тек өрескел бұзушылықтар кезінде тексеру жүргізетіндігіне қол жеткізілді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы