Бірінші кезекте қазақстандық азаматтарға жұмыс тауып беруге дайынбыз – Шәпкенов

10 Наурыз 2022, 11:44
1628
Бөлісу:
Бірінші кезекте қазақстандық азаматтарға жұмыс тауып беруге дайынбыз – Шәпкенов
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты.

Ол  Үкімет отырысын кейін кулуарда қойылған теңгенің құнсыздануы байланысты  әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыларды қайта индекстеу жоспарланып отыр ма деген сауалына жауап берді.

Заңға сәйкес индекстеу жыл сайын жүргізіліп келеді. Осы жылы барлық әлеуметтік төлемдер индекстелді. Барлық қабылданған шешім негізді және теңгерімді болуы керек. Барлық жағдайды бағалайтын жеке жедел штаб бар. Жағдайға байланысты шешімдер қабылданады. Әзірге бұл мәселе ашық түрде, - деді ведомства басшысы.

Сонымен қатар журналистер егер ресейлік жұмыскерлер елімізге көптеп ағылса еңбек күшіне әсер етуі мүмкін бе деген сұрағына жауап қайтарды.

Қажет жағдайда әртүрлі іс-шаралар қабылдаумыз мүмкін. Бірінші кезекте жүйемізге сай,  жұмыс істеймін деген адам болса алдымен қазақстандық азаматтарға жұмыс тауып беруге дайынбыз. Мен өз мәлімдемемде 2025 жылға дейін 2 миллион жұмыс орны құрылатынын айттым. Еңбек министрлігінің міндеті жаңа құрылған жұмыс орындарға тиісті мамандарды орыналастырып,  дағдылау, -деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов. 

Өзгелердің жаңалығы