Біреудің көлігін айдап әкеткен ұры қолға түсті

14 Қаңтар 2021, 14:30
1294
Бөлісу:
Біреудің көлігін айдап әкеткен ұры қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда бөтен біреудің көлігін қолды қылған азамат ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

11 қаңтарда Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне белгісіз біреудің дүкендердің біріне жақын орналасқан автотұрақтан автокөлікті айдап әкеткені туралы хабарлама келіп түсті. 22 жастағы жәбірленушінің көлігін бірнеше минутқа қараусыз қалдырған уақытын сәтті пайдаланған ұры құны 2 миллион теңгені құрайтын көлікті айдап әкеткен. 

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 29 жастағы ер адам басқарып келе жатқан ұрланған көлік ұсталды. Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы