Бір түйе 1 млн теңгеден асып кетті. Шөкеев Түрікменстаннан түйе әкелмек

26 Мамыр 2020, 12:00
4189
Бөлісу:
Бір түйе 1 млн теңгеден асып кетті. Шөкеев Түрікменстаннан түйе әкелмек
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда түйе шаруашылығы қарқынды дами бастаған. Осы күні бір түйенің бағасы екі есе өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин мен Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты. 


Мал санын ұлғайту, мал шаруашылығы өнімдерін шығару үшін мемлекет шаруаларға нысаналы көмек көрсетеді. Инвестициялық жобаларды іске асыру, техникалық жабдықтау кезінде шығындарды өтейді. Үкімет мал шаруашылығы жеткілікті болуы үшін және экспортты ұлғайтуға назар аударады. Ірі өңдеуші кәсіпорындардың айналасында, оның ішінде жергілікті өндірушілерге экспорттық процеске қатысуға мүмкіндік беретін шетелдік инвесторлардың қатысуымен құрылған кәсіпорындар айналасындағы кооперация ерекше басымдыққа ие болуы тиіс, - дейді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, мұның табысты үлгісі Түркістан өндеу зауыты.
Шетелдік инвестордың шикізатты тартымды бағамен сатып алуының арқасында түйе сүтіне сұраныс артты. Елде бір түйенің бағасы екі есе өсті.Жалпы түйе шаруашылығы қарқынды дами бастады. Осы ретте Өмірзақ Естайұлы (Шөкеев, Түркістан облысының әкімі - тілші) облыстағы түйе саны қанша?, - деп сұрады премьер-министр.
Әкімнің айтуынша, Қытай инвесторы арқылы түйе сүтін өндейтін зауыт салынған.
Бізде осы күнге дейін 30 мың түйе болатын. Қазір күрт өсіп жатыр, жылына 10 процентке артуда. Өйткені түйе сүтінің бағасы өсіп кетті. Қазір бір литр сүт 1000 теңге тұрады. Түйенің бағасы бір миллион теңгеден асып кетті, - дейді Шөкеев.

Ол еліміздің облыстардан түйе сатып алынып жатқанын енді түркістандық шаруалар Түрікменстаннан түйе әкелуді көздеп отырғанын айтты.
Бірақ бұл елде экспортқа шектеу қойылған. Шаруалар осы мәселені шешуге көмек сұрап жатыр. Шаруалар түйе санын көбейтуге дайын. Бағдарлама бойынша түйе басын 90 мыңға жеткізу жоспарда бар. Бұл келешегі зор сала болып тұр, - дейді Түркістан облысының әкімі.


Өзгелердің жаңалығы