Бір күн ғана жұмыс істеген. Еңбекмині Петропавлдағы жұмысшының өліміне қатысты түсініктеме берді

22 Қазан 2021, 13:48
1920
Бөлісу:
Бір күн ғана жұмыс істеген. Еңбекмині Петропавлдағы жұмысшының өліміне қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов Петропавлда құрылыс алаңындағы жұмысшының өліміне қатысты пікір білдірді.

Еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мұндай фактінің бар екенін растады.

Біз бұл мәселені бақылауға алдық. Министрлік толық бақылауда ұстап отыр. Кеше Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясына істі қайта ашуға тапсырма бердік. Әділеттілікті қалпына келтіреміз деп ойлаймын. Сондай-ақ егер бұл оқиға және бізде бар фактілер расталса, онда оны өндіріспен байланыстырамыз. Бұл бақылауда тұр. Марқұм бұл кәсіпорында бір күн ғана жұмыс істеген, - деді ол.

Оның сөзінше, жұмыс беруші қолданыстағы нормаларды өрескел бұзған.

Қазір толық айта алмаймыз, себебі бұл мәселе бойынша тергеу жүріп жатыр. Бізге берілген ақпаратқа сәйкес, бұл қызметкер еңбек шартынсыз, жеке қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеген. Яғни қызметкермен ешқандай нұсқау жүргізілмеген. Бірақ бұл оқиғаны тексерген комиссия қандай да бір себептермен оны өндіріспен байланыстырмады, - деп айтты Төлеген Оспанқұлов.

Еске сала кетейік, елімізде соңғы 9 айда өндірісте 140 адам қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы