Бір аптада үш министр коронавирустан қайтыс болды

23 Қаңтар 2021, 17:27
3653
Бөлісу:
Бір аптада үш министр коронавирустан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус Зимбабве Үкіметінің төрт мүшесінің өмірін қиды. Ресми түрде елде COVID-19-дан 962 адам қайтыс болды. 

Бұл туралы Синьхуа хабарлады.

Синьхуа агенттінің жазуынша, Зимбабведе бір апта ішінде үш министр коронавирустан қайтыс болды.

Ресми органдар Зимбабвенің Көлік және инфрақұрылымды дамыту министрі Джоэль Матизаның жұмада COVID-19-дан қайтыс болғанын растады. Ол бір апта ішінде вирустан қайтыс болған үшінші министр, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бұл Зимбабведе 2020 жылы наурызда COVID-19 инфекциясының алғашқы жағдайлары анықталғаннан бергі төртінші жағдай.

15 қаңтарда Провинциялық істер министрі Элен Гварадзимба қайтыс болды. Ал 20 қаңтарда СІМ басшысы Сибусисо Мойо қайтыс болды.

Қазір Зимбабведе коронавирустың 30,5 мыңнан астам жағдайы анықталды. Сонымен қатар ресми статистикаға сәйкес, барлығы 962 адам қайтыс болды. 21 мыңнан астам адам емделіп шықты.

Өзгелердің жаңалығы