Бір аптада мыңға жуық автокөлік уақытша есепке қойылды

24 Шілде 2023, 12:22
544
Бөлісу:
Бір аптада мыңға жуық автокөлік уақытша есепке қойылды
Фото: - Архив

Елімізде бір аптада 1000-ға жуық автокөлік уақытша есепке қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ ӘПК басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Алтынбек Жамалиев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Уақытша есепке алу мерзімі өткеннен кейін көлік құралына қатысты мемлекеттік тіркеу автоматты түрде тоқтатылады. Егер Қазақстан азаматтары аталған автомобильдерді елден тыс жерлерге әкетуге шешім қабылдаса, олар Қазақстан Республикасының тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлерін тапсыруға тиіс, содан кейін оларға шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері қайтарылатын болады. Егер автомобильдер бұрынғы тіркелген елінде есептен шығарылса және Қазақстан азаматтары оларды Қазақстанда бастапқы тіркеуді жүзеге асыру туралы шешім қабылдаса, онда оларға 200 000 теңге мөлшерінде бастапқы тіркеу үшін алымын төлей отырып, жария ету шарттары қолданылатын болады және утилизациялық алымын төлемеді, - деп атап өтті басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы.

Сонымен қатар ол жыл басынан бері қанша көліктің тіркелгеніне тоқталды.

23 қаңтардан 22 шілдеге дейін автокөлікті заңдастыруға 370 мыңнан астам өтінім берілді. 326 мыңнан астам автокөлік онлайн алдын ала тексеруден өтті. 213 мыңға жуық автомобиль тіркелген. 17 шілдеден бастап 1000-ға жуық автокөлік уақытша есепке қойылды, - деді Алтынбек Жамалиев.

Өзгелердің жаңалығы