Биологиялық қауіпсіздік туралы заң не үшін қажет?

28 Сәуір 2022, 10:40
2337
Бөлісу:
Биологиялық қауіпсіздік туралы заң не үшін қажет?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Парламент Сенатының отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заң жобасы ел қауіпсіздігі үшін маңызды.

Заң жобасында мынандай негізгі биологиялық қауіптер: бірінші, аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары, аса қауіпті инфекциялардың ошақтары ел аумағының жартысында таралған. Мысалы, оба 10 облыстың, туляремия 12 облыстың аумағында, геморрагиялық қызба 4 облыстың және Шымкент қаласының аумағында анықталған. 2000-дай күйдіргі бойынша қолайсыз елді мекендер бар. Екінші, қауіпті инфекциялардың сырттан әкелінуі. Қазақстанның халықаралық туристік-іскерлік байланыстарын кеңейтуі нәтижесінде жыл сайын мысалы, тырысқақтың әкелінуі жағдайлары тіркеледі, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ еліміздің бас дәрігері соңғы 2-3 жылда қауіпті инфекцияларды шеттен жұқтыру көбейген.

Осы 2-3 жылда денге қызбасы Тайландтан – 3 жағдай, безгек ауруы тропикалық елдерден – 4 жағдай тіркелді. Үшінші, патогенді реагенттердің жұмыс істеу кезінде талаптардың бұзылуы. Төртінші, төтенше жағдайлар мен терроризм актілерінің салдарынан жоғары қауіпті көздерге әсер ету. Бесінші, биологиялық қауіпсіздік саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі болып табылады, - деді  Ажар Ғиният.

Министрдің сөзінше, Заң жобасы бойынша биологиялық қатерге қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін анықтайтын бағыттардың шеңберінде құру жоспарлануда. 

Еске сала кетейік, бүгін Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заң жобасы қабылданған болатын.

Өзгелердің жаңалығы