«Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы». 275 педагог оқып жатыр

10 Тамыз 2023, 12:49
2749
Бөлісу:
«Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы». 275 педагог оқып жатыр
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі Президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау тетігін әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл бұл жоба пилоттық режимде іске қосылды. Бастапқы кезеңде жобаға қатысуға 8068 адам тіркелді, оның ішінде 2809 адам тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижелері бойынша оқуға ұсынылған үміткерлердің рейтингтік тізімі қалыптастырылды. Шілденің 3-нен бастап 275 үміткерді оқыту басталды.

Білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу бес кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңде үміткерлер құзыреттілікті бағалауға тестілеуден, екінші кезеңде – оқуға жіберіледі, үшінші кезеңде – елдің жетекші мектептерінде тағылымдамадан, төртінші кезеңде – қорытынды бағалау рәсімінен және бесінші кезеңде – министрлік жанындағы комиссиямен әңгімелесуден өтеді. Қорытындысы бойынша басшылардың республикалық кадрлық резерві құрылады, - деп атап өтті орта білім Комитеті басқармасының басшысы Айман Дүйсембаева.

Оқудан, тағылымдамадан және әңгімелесуден өткен үміткерлерге сертификат беріледі, соның негізінде олар одан әрі жұмысқа орналасу үшін кадр резервіне алынады. Резервтегілер бірінші басшының бос орнына конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады.

Айта кету керек, барлық кезеңдерден сәтті өтіп, сертификат алғандарға «көшбасшы-жетекші» біліктілік санаты беріледі. Бұл жобаны жүзеге асыру "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде салынып жатқан жаңа мектептерді басшылардың дайындаған мектептерімен қамтамасыз ету мәселесін шешуге және жаңа форматтағы басшы, білім берудегі өзгерістер көшбасшыларының кадрлық резервін қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Өзгелердің жаңалығы