Билетсіз жолаушыларды анықтайтын жүйе іске қосылады

12 Маусым 2020, 17:26
2036
Бөлісу:
Билетсіз жолаушыларды анықтайтын жүйе іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Билетсіз жолаушыларды анықтайтын жүйе іске қосылады. Бұл туралы "Адал жол" жобалық кеңсесінің менеджері Камалдин Жақпаров "AntikorLive" алаңында айтып берді.

Ол атап өткендей, қазіргі билет алу жүйесі жойылмайды. 

Пилоттық жоба бойынша жолаушыларға қолайлы жағдай тудырып, сату және сатып алу үрдісін жеңілдетеді. Пилоттық жобаны жазда іске қосу жоспарланып отыр. Тестілік режимде "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздың бір вагоны пилоттық режимге қосылады. Бізге адамдардың пікірі өте маңызды. Себебі, бұл жоба адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша шешім қабылдайтын боламыз. Пилоттық жоба мемлекет бюджетінің қаражатын жұмсамайды, - деді ол. 

Қамалдин Жақпаров "Алматы-Орал" бағытындағы пойыз жолдағы уақытына қатысты таңдалып алынды. 

Жолаушылар арасында бір станциядан екіншісіне дейін билетсіз жүруді жүзеге асырады. Бұл жүйе соны анықтайды. Егер де вагонда билетсіз жолаушы отыратын болса, жүйе оны бірден анықтайды. Сондай-ақ, аталған жүйе іздеудегі адамдарды да анықтауға мүмкіндік береді. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді "Адал жол" жобалық кеңсесінің менеджері.

Сондай-ақ, ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға да қолайлы жағдай жасалып жатқанын айтты.

Мүмкіндігі шектеулі адам кассаға бір рет келуі керек. ҚТЖ-да жеке база құрылды. 20 маусымнан бастап, қажеттілігі жоғары жандар онлайн билет алмас бұрын, ҚТЖ кассасына келіп, өзінің мүмкіндігі шектеулі мәртебесі бар екені туралы өтініш береді. Адам 50 пайыз жеңілдікпен билет алады. Ол аталған базаға қосылған соң, онлайн билетті жеке куәлігі арқылы сатып ала береді. Бұл мәселені одан әрі қарай жалғастырамыз. Адамдар мүлдем кассаға келмеуін жүзеге асыруға қадамдап келе жатырмыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы