Бибісара Асаубаева Азиядағы үздік шахматшы атанды

6 Тамыз 2022, 15:16
1174
Бөлісу:
Бибісара Асаубаева Азиядағы үздік шахматшы атанды

Отандық шахматшы Бибісара Асаубаева Азиядағы үздік шахматшы деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Сүйінші жаңалығымен шахматшы қыз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Белгілі болғандай, Үндістанда ФИДЕ марапатын табыстау салтанаты өткен. 

Әлемнің 15-ші чемпионы Вишванатан Ананд маған «Әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы-2021» марапатын ұсынды, - деп жазды Бибісара Асаубаева. 

Үндістандық Ченнаи қаласында шахмат олимпиадасы өтіп жатыр. Жетінші раундтың нәтижесі бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы 11-ші орыннан 7-ші орынға, ал әйелдер құрамасы 14-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді.  

Өзгелердің жаңалығы