Бибігүл Жексенбай: Сөз бостандығы арқылы мемлекетімізге зиян келтірмеуіміз қажет

10 Мамыр 2022, 13:08
2897
Бөлісу:
Бибігүл Жексенбай: Сөз бостандығы арқылы мемлекетімізге зиян келтірмеуіміз қажет
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бас редакторлар клубының миссиясы не, немен айналысады?

Желмая жобасының қонағы болған ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі, «Бас редакторлар клубының » ҚБ Президенті Бибігүл Жексенбай жауап берді.

Бас редакторлар клубы 2007 жылы БАҚ-та жұмыс істейтін бас редакторлар, бас директорлар, шеф редакторлар жалпы басқаруға қатысы бар адамдардың бастамасымен құрылған ұйым. Негізгі мақсат - ортақ мәселелерді талқылау. Мысалы, мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу. Өздеріңіз білетіндей, заң жобалары жиі өзгертілуде. 2007 жылдан бастап біздің де ұсыныстарымыз енгізілді. Одан бөлек, еліміздегі енгізіліп жатқан әртүрлі реформаларға қатысты бас редакторлар клубы атынан ұсыныс білдіріп отырамыз. Яғни, кәсіби орта деуге болады, - деді «Бас редакторлар клубының » ҚБ Президенті Бибігүл Жексенбай.

Сондай-ақ Бибігүл Жексенбай БАҚ туралы заңға қатысты пікір білдірді.

Ақпараттық заманда көп өзгерістер бар. Біз сөз бостандығымызбен мемлекетімізге зиян келтіріп алмау тұстарын қараумыз қажет. Тек өзіміздің дәстүрлі медиадан басқа жаңа медианың түрлері көбейіп жатыр. Жасыратыны жоқ біз өз аудиториямыздың нақты кім екенін білмей қалдық. Сондықтан жаңа БАҚ дегеніміз -  дәстүрлі медиамен жаңа медианың бәсекеге қабілеттілігі. Осы ретте Мемлекет басшысы БАҚ-тың халық алдындағы және мемлекет алдындағы жауапкершілігін меңзеп отыр деп ойлаймын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы