Бейжіңдегі Олимпиада: Екінші жарыс күнінің кестесі

4 Ақпан 2022, 11:41
1456
Бөлісу:
Бейжіңдегі Олимпиада: Екінші жарыс күнінің кестесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда төржылдықтың басты додасы – Олимпиада ойындары басталды. Ақ Олимпиада Ұйымдастыру комитеті, Халықаралық Олимпиада комитеті және Қытай билігінің талаптары мен ережелеріне сай өтуде, деп хабарлады Olympic.kz.

Қазақстандық спортшылардың екінші жарыс күніндегі кестесі келесідей. 

Нұр-Сұлтан мен Бейжің арасындағы уақыт айырмашылығы +2 сағат. Олимпиаданың екінші жарыс күнінде қазақстандықтар шаңғымен тұғырдан секіруден кезекті ресми жаттығуға қатысады. 

Сондай-ақ, бүгін Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Қазақстандықтар салтанатты рәсімді «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» арналарынан көре алады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады. 

 

Өзгелердің жаңалығы