Бейжіңде Олимпиада қарсаңында коронавирус жұқтырғандар көбейді

31 Қаңтар 2022, 15:55
1303
Бөлісу:
Бейжіңде Олимпиада қарсаңында коронавирус жұқтырғандар көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңде қысқы Олимпиада қарсаңында коронавирус жұқтырғандар көбейді. Соңғы 18 айдағы болмаған көрсеткіш тіркелді, деп хабарлады Reuters агенттігі.

Тағы 20 жағдай тіркелгеннен кейін шенеуніктер кейбір жергілікті аймақтардың карантинге жабылатынын хабарлады. Бейжің тұрғындары сынақтан өтуі керек. Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының (NHC) мәліметінше, Бейжіңде табылған жаңа жағдайлардың жалпы саны қаладағы 2020 жылдың маусымынан бергі ең жоғары көрсеткіш болды.

Олимпиада ұйымдастырушылары 34 қызметкер мен спортшылардың ауру жұқтырғанын хабарлады. Олардың 13-і спортшылар немесе команданың лауазымды тұлғалары, делінген ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесінде. Ұйымдастырушылар бұл адамдарда коронавирус Бейжің әуежайындағы тексеріс кезінде анықталғанын айтты.

Айта кетейік, 2022 жылғы Олимпиадаға келген қазақстандық делегация мүшелерінің арасында COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайлары анықталған жоқ.

Бұған дейін Бейжің 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары кезінде коронавирустың таралуына қарсы қатаң шаралар қабылдаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы