Бейжің Олимпиадасы: Отандық биатлоншылар спринт бойынша жарысты аяқтады

12 Ақпан 2022, 17:38
1691
Бөлісу:
Бейжің Олимпиадасы: Отандық биатлоншылар спринт бойынша жарысты аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжің Олимпиадасында биатлоннан ерлер арасында спринт бойынша жарыстар мәресіне жетті. 

Olympic.kz аталған санат бойынша қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады. 

Спринт бойынша Қазақстан сапынан бүгін екі спортшы, атап айтқанда, Александр Мухин мен Владислав Киреев жарыс жолына шықты. 

Александр Мухин 49-шы болса, Владислав Киреев мәре сызығын 77-ші болып кесіп өтті.

Айта кетерлігі, Норвегия спортшысы Йоханнес Бе Олимпиада чемпионы атанды. Франция өкілі Кентен Фийон-Майе күміспен күптелсе, Норвегия құрамасының мүшесі Тарьей Бе қолаға қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы