Бейжің билігі вакцина алмағандар үшін шектеу енгізді

7 Шілде 2022, 20:00
1533
Бөлісу:
Бейжің билігі вакцина алмағандар үшін шектеу енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай астанасының муниципалды билігі қаланың COVID-19-дан вакцинацияланбаған тұрғындарына адамдар көп жиналатын орындарға кіруге тыйым салу туралы шешім қабылдады. 

Бейжің гигиена және денсаулық сақтау комитеті басшысының орынбасары Ли Ан сәрсенбіде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, бұл ереже 11 шілдеден күшіне енеді.

Вакцинация туралы сертификат оқу орындарына, кітапханаларға, мұражайларға, көркем галереяларға, мәдениет үйлеріне, стадиондарға, спорт залдарына, ойын-сауық орындарына, интернет-кафелерге және басқа орындарға барған кезде талап етіледі.

Шектеулер денсаулық жағдайына байланысты вакцинациялауға болмайтын адамдарға қатысты болмайды.

Өткен тәулікте Бейжіңде COVID-19 жұқтырған алты адам анықталды. Қала тұрғындарының саны 22 млн адамды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы