Бейжің-2022. Олимпиада оңайға түсіп жатқан жоқ – Қанағатов

7 Ақпан 2022, 17:24
1531
Бөлісу:
Бейжің-2022. Олимпиада оңайға түсіп жатқан жоқ – Қанағатов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады. Оның айтуынша, Ақ Олимпиада оңайға түсіп жатқан жоқ.

Олимпиада ойындары өздеріңіз білетіндей, кешенді ерекше жарыс. Сондықтан біздің спортшыларымыз өз жарыстарын бастады. Соның ішінде атап өтетін болса, шорт-тректен бұрынғы көрсеткен көрсеткішімізді қайталадық. Бұрынғы нәтижеде ұлдар 5-орынға ие болған еді. Әлі де алда жарыстар бар. Спортшылар орналасқан қалашықтарда барлық жағдай жасалған. Айтарлықтай проблема жоқ, - деп атап өтті Ұлттық олимпиада комитетінің спорт дирекциясының басшысы. 

Сондай-ақ ол күнде штаб отырысы өткізіліп, спортшыларға қолдан келген көмек көрсетіліп жатқанын алға тартты. 

Біз егемендік алғалы Қысқы Олимпиададан 8-ақ медаль алғанбыз. Оның 4-ін атақшы шаңғышымыз Владимир Смирнов алып келді. Сондықтан медаль алу оңай шаруа емес. Мысалы, фристайл-могулда басқа елдің ішінде 4 қызымыз жолдама алды. Ол да бір жетістік деп білемін, - деді Елсияр Қанағатов. 

Еске сала кетейік, 4 ақпан күні аспанасты елінде Ақ Олимпиаданың алауы тұтанған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы