Бейжің-2022: Конькиші Надежда Морозова Олимпиаданы аяқтады

5 Ақпан 2022, 16:45
1813
Бөлісу:
Бейжің-2022: Конькиші Надежда Морозова Олимпиаданы аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңдегі өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында конькишілер мұз айдынға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дода аяқталғаннан кейін спортшы бүгінгі нәтижесін қорытындылап берді.

Бұдан да жақсы, бұдан да жылдам нәтиже көрсеткің келеді. Барлық күшімді 1500 м қашықтыққа салатын боламын. Бейжіңдегі мұз айдыны біз үшін ыңғайлы. Біз дәл қазір бар күшімізді салып, қолымыздан не келетінін көрсетуіміз керек. Мен Калгариде осы қашықтықты 4.01 нәтижесімен аяқтаған болатынмын. Бұл жолы - 4.04. Тауда орналаспаған мұз айдынындағы бүгінгі нәтиже жақсы көрсеткіш деп ойлаймын, - деді Надежда Морозова жарыстан кейін. 

Айта кетерлігі, Надежда Морозова бүгінгі жарыс қорытындысы бойынша 13-ші орынға тұрақтады. 

Өзгелердің жаңалығы