Үкімет отырысынан соң өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Төрт сағатқа созылған медициналық көмек көрсетіліп, науқасқа ота жасалды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, өз бетімен жүріп-тұра алады. Алайда, әлі де дәрігерлердің бақылауында, - дейді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін экс-депутат, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткенін хабарладық. Желіде Берденовке шабуыл жасалған жерден видео тарады.
Руслан Берденовтің жағдайы туралы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді. Сондай-ақ оны нақты не үшін атып кеткені айтылды.
Белгілі болғандай, Руслан Берденовті атқан адам оның қол астында жұмыс істеген.