Белгілі театр режиссері Болат Атабаев дүниеден озды

29 Шілде 2021, 11:20
3596
Бөлісу:
Белгілі театр режиссері Болат Атабаев дүниеден озды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі театр режиссері, драматург, қоғам қайраткері Болат Атабаев қайтыс болды. 

Бұл туралы құқық қорғаушы Бақыт Төреғожина Facebook-тегі парақшасында хабарлады. 

Бұл мәліметті Мәдениет және спорт министрлігі растап отыр. 

Болат Атабаев 28 шілде күні ауруханада қайтыс болған. 

Болат Манашұлы Атабаев 1952 жылы Талдықорған облысындағы Тентек ауылында дүниеге келген. 

Неміс драма театрының және Әуезов атындағы қазақ драма театрының бас режиссері болды. 

Сонымен қатар «Ақсарай» театрының жетекшісі болды. 

2012 жылы Германия мен Қазақстан қарым-қатынасының дамуына қосқан үлесі үшін Гете маделімен марапатталды. 

Айта кетейік, Болат Атабаев пен марқұм, әнші Мадина Ералиеваның артында ұлы Арсен Ералы қалды. 

Өзгелердің жаңалығы