Беларусь АЭС-тің арқасында не ұтып отыр?

23 Тамыз 2024, 17:20
961
Бөлісу:
Беларусь АЭС-тің арқасында не ұтып отыр?
Фото: автордан

Елімізде АЭС салу мәселесі қоғамдық талқылауға түсіп жатқан тұста BAQ.KZ тілшісі Беларусьтегі АЭС жұмысымен танысып жүр. Ондағы АЭС қалай жұмыс істейді және несімен тиімді?

Беларусь Энергетика министрінің орынбасары Денис Мороздың айтуынша, БелАЭС жыл сайын шамамен 18 миллиард кВт/сағ энергия өндіріп, елдің ішкі қажеттілігінің 40 пайыздан астамын қамтамасыз етеді.

АЭС тек Беларусьтің энергетикалық қауіпсіздігінің кепілі емес, сонымен қоса климаттың өзгеруі мәселесімен де күреседі. АЭС-ті іске қосудың көмегімен парниктік газдар шығарындылары жылына шамамен 7 миллион тоннаға азаяды. Бұл үлкен көрсеткіш, – дейді министрдің орынбасары Денис Мороз.

Беларусь АЭС-тің арқасында не ұтып отыр?

Мамандардың айтуынша АЭС-ті пайдаланып отырған елдердің энергетикалық тарифі тұрақты болатын көрінеді.

АЭС әлемдік нарықтағы энергия бағасына бағынбай, тарифтерді тұрақты белгілеуге мүмкіндік береді. Әлемдік нарықта энергия көздерінің бағасы тұрақсыз болған күнде де, Беларусь энергиясы белгіленген бағада қалады, – деді вице-министр.

Беларусь АЭС-тің арқасында не ұтып отыр?

Вице-министр "БелАЭС сырт елдерге энергтия экспорттай ма?" деген сұраққа да жауап берді.

Оу баста АЭС салынғанда тек Беларусь тұтынушыларына арналды. Республикадан тыс аумаққа электр энергиясын экспорттау көзделген жоқ. Еліміздегі АЭС-тің арқасында электр энергиясының импортынан бас тарттық. Бүкіл электр энергиямыз “Остравец” аумағында өндіріледі. Беларусь республикасында негізгі энергия көзі - АЭС. Ол елдің ішкі қажеттілігінің 40 пайызын өтеп отыр. Ал, қалған қуат көздері көбіне табиғи газ. Республикада 6 пайыз жаңартылған энергия көздері бар, алайда олар тек жылу энергияларын қамтамасыз етеді, – дейді Денис Мороз.

Беларусь АЭС-тің арқасында не ұтып отыр?
Беларусь АЭС-тің арқасында не ұтып отыр?

Бұл салада әрине маман мәселесі өте өзекті. Беларусь ғалымдары дәл осы “Остравец” АЭС-і ең тиімді әрі қауіпсіздігін сөз етті.  

Мамандарды дайындау - өте маңызды. Өйткені бізде іске асырылған технология “Чернобыль” жобасынан мүлде бөлек. Бұл - анық. Оның қауіпсіздігі бүгінгі талапқа сай. Мұндай жаңа инфрақұрылым ғылым саласына халықтың икемдігін арттырды және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Содан болар ел азаматтарының энергетика саласына деген көзқарастары оң, – дейді Беларусь атом электр станциясының директоры Сергей Бобович.

Беларусь АЭС-тің арқасында не ұтып отыр?

Оның айтуынша, жергілікті халықтың АЭС жұмысына деген оң пікірлері 1986 жылдан бастап қалыптасыпты. Атом энергетика саласында Беларусь елі  - Түркия, Египет, ҚХР және Венгрия елдерімен тәжірибе алмасады.

Беларусь АЭС-тің арқасында не ұтып отыр?
Өзгелердің жаңалығы