Алматы облысында 30 балаға "Алаш топтамасынан" сөмкелер берілді

23 Тамыз 2024, 17:02
682
Бөлісу:
Алматы облысында 30 балаға "Алаш топтамасынан" сөмкелер берілді
PHOTO
Фото: автордан

Көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі отбасылардың балаларына мектепке даярлық құралдары табысталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қайырымдылық керуенінде Respublica партиясы 30-дан астам балаға "Алаш топтамасы" деп аталатын сөмке тарту етті.

Алматы облысында 30 балаға "Алаш топтамасынан" сөмкелер берілді

Алаш зиялыларының қанатты сөздері жазылған сөмкенің ішіндегі керек-жарақтар тарих пен ұлттық құндылықтардан хабар береді. Осындай топтама еліміз бойынша 1600-ден астам балаға берілген, 50 миллионнан астам қаржат жұмсалған.

Алматы облысында 30 балаға "Алаш топтамасынан" сөмкелер берілді

Балаларға осындай "Алаш топтамасы" деген сөмкені жасап шықтық. Бұл сөмкені жинағанда, әншейін жинай салған жоқпыз. Менің өз балаларым қандай сөмке ұстаса, халықтың балалары да сондай сөмке ұстау қажет деген шешім қабылдадым. Сондықтан 1 ай бойы дайындалдық, кейбір жоқ затты шетелден алдырдық. 1600 отбасының балаларына береміз деп шештік, 50 миллион теңге қаражат жұмсадық. Көпшілігін су тасқыны болған жерлерге жолдадық. Сол 1200-дей сөмке су басқан өңірлерге жіберілсе, қалғаны Алматы облысы, Жетісу облыстарын қамтыды. Біз оны неліктен айтып отырмыз. Жақсы оқыған балаларды жатаханамен де қамтимыз. Оларға жәрдемақыны да береміз. Осы істі жалғастырып, Алаштың жолын қуып келе жатқан ұрпақтар көп болсын деп, осы топтаманы "Алаш топтамасы" деп атадық, - деді Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау.

Балаларын жетектеген ата-аналар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ел қамын ойлайтын азаматтардың көбейгенін тіледі.

Алматы облысында 30 балаға "Алаш топтамасынан" сөмкелер берілді

Көпбалалы ата-анамын. 4 балам бар. 3 қызым мектепте оқиды. Көмек қолын созып отырғанына қуаныштымыз. Қазақ елі үшін, Алаш жұрты үшін қол созатын азаматтар көп болсын. Сол үшін қуаныштымыз. Осындай азаматтарымыз көп болсын. Әрқашан көмек қолын созатын, - деді көпбалалы ана Ғалия Жақыпбаева.

Қайырымдылық керуені мерекелік концертпен аяқталды. 

Алматы облысында 30 балаға "Алаш топтамасынан" сөмкелер берілді

Еске салайық, еліміз бойынша көпбалалы және аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі отбасылардың балаларына «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді.

Өзгелердің жаңалығы