Бектенов: Жыл бойы жұмыс бермеген ірі шаруашылықтардың жері қайтарылуы мүмкін

Мемлекет агроөнеркәсіп кешенін қолдауға қажетті шаралар қабылдап жатыр.

 Үкіметтің баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 16:20
Бүгiн 2026, 16:20
177
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде отырыс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеңесте Үкімет басшысы ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын мал шаруашылығын дамытуға белсендірек тарту қажеттігін атап өтті.

Олжас Бектеновтің айтуынша, мемлекет агроөнеркәсіп кешенін қолдауға қажетті шараларды қабылдап жатыр. Алайда қолдау алған ірі шаруашылықтар да ауылдағы тұрақты жұмыспен қамтуға нақты үлес қосуы тиіс.

Бизнес және ауыл шаруашылығы өкілдерінің назарын аударамын: ірі шаруашылықтар жыл бойы жұмыспен қамтамасыз етуі керек. Бұл – сіздерге қойылатын негізгі талаптардың бірі. Мемлекет қажетті қолдау көрсетіп отыр. Бірақ, ең алдымен, ірі бизнестен жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қарсы міндеттемелер күтеді. Ашық айтқым келеді: кім бұл жұмыспен айналыспаса, ондай меншік иелерінен жерді қайтару мәселесімен айналысамыз, – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр ауыл шаруашылығында өндірісті әртараптандыру, мал шаруашылығын дамыту және ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту мәселелері өңірлер үшін маңызды екенін жеткізді.

Наверх