Бектенов әкімдерге жылыту маусымына дайындықты жеделдетуді тапсырды

Премьер-министр ең алдымен әлеуметтік нысандарға жылу беруді бастауды тапсырды.

 Үкіметтің баспасөз қызметі 29 Қыркүйек 2026, 10:52
29 Қыркүйек 2026, 10:52
118
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс елдің алдағы жылыту маусымына дайындығы мәселесі қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күн қалды. Осыған байланысты облыс әкімдеріне дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырамын. Ең алдымен әлеуметтік нысандарға – балабақшаларға, мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу беруді бастау қажет. Жылыту маусымы қатаң белгіленген мерзімде басталуға тиіс, – деді Премьер-министр Олжас Бектенов.

Ол сондай-ақ ертең энергетикалық кәсіпорындарға дайындық паспорттарын беру үшін қажетті құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталатынын атап өтті.

Бұл мәселені әкімдер жеке бақылауына алуы қажет, – деп тапсырды Үкімет басшысы.

Еске салайық, бұғае дейін Қазақстанның бес өңірінде жылыту маусымы басталғаны туралы жаздық. 

Наверх