Бекболат Тілеухан вакцина алғанын растады

3 Шілде 2021, 14:39
3471
Бөлісу:
Бекболат Тілеухан вакцина алғанын растады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын мәлімдеді.

Журналистердің бірі брифингте Бекболат Тілеуханнан екпе салдырдыңыз ба? деп сұрады.

Мен вакцина салдырдым. Өйткені мен шетелге көп шығамын, іссапарларым көп болады. Ал балаларыма өздерің шешіңдер дедім. Олардың кейбірі алды, кейбірі алған жоқ, - деді Бекболат Тілеухан.

Айта кетейік, Мәжілісте «Балаларға міндетті вакцина енгізу» туралы заңды талқылау кезінде сол кездегі Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа Бекболат ТІлеухан ғана қарсы шыққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы