Астананың нөсер кәрізі желілерінен 100 тоннадан астам лай шығарылды

20 Мамыр 2021, 14:30
1377
Бөлісу:
Астананың нөсер кәрізі желілерінен 100 тоннадан астам лай шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Elorda Eco System компаниясының қызметкерлері Байқоңыр ауданының нөсер кәріз жүйесін тазалауды жалғастыруда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басынан бері компания 182 жаңбырға арналған торды тазартты. Ал коллектордың 2190 метрі Байқоңыр ауданындағы 56 жауын торын, люктер мен құдықтардың қақпағын ауыстырды, - делінген хабарламада.

Жұмыс барысында 100 тоннадан астам лай шығарылды. Осы бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасатын болады.

 


Өзгелердің жаңалығы