Байденнің инаугурация кезінде АҚШ-та пошта жәшіктерін алып тастайды

17 Қаңтар 2021, 15:50
1894
Бөлісу:
Байденнің инаугурация кезінде АҚШ-та пошта жәшіктерін алып тастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джо Байденнің инаугурациясы алдында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Американың ірі қалаларында пошта жәшіктерін уақытша алып тастайды.

Бұл туралы CNN телеарнасы АҚШ-тың Пошта қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Бұл пошта бөлімдерінде, пошта маршруттарында және пошта жәшіктерінің қасында көп адам жиналған кезде немесе протест кезінде біздің қызметкерлер мен клиенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатқан әдеттегі процедура, - деді ведомство өкілі Дэвид Партенхаймер.

АҚШ-тың 17 штатындағы пошта жәшіктері уақытша демонтаждалады. Вашингтондағы пошта жәшіктері біржола алынады немесе кілттенеді. Америка астанасында инаугурация күні 14 пошта бөлімшесі жабық болады. 

2017 жылы Дональд Трамптың инаугурациясы күні ел астанасында осындай қауіпсіздік шаралары қолданылған болатын.


Өзгелердің жаңалығы