Байден еңбек демалысына шықты

11 Тамыз 2022, 10:20
1249
Бөлісу:
Байден еңбек демалысына шықты

АҚШ президенті Джо Байден қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақ үй қожайыны Эндрюс әуе базасынан жұбайы Джилл, ұлы Хантер мен оның әйелі Мелисса Коэн және немересі Бомен бірге бір аптаға Оңтүстік Каролина штатындағы Киава аралына жол тартты. 

Курортты арал гольф алаңымен және жекеменшік жағажайымен танымал. Жергілікті билігі Киавада қауіпсіздіктің күшейгенін хабарлайды.

 Бұған дейін Байден екі апта бойы карантинде отырған еді.

Өзгелердің жаңалығы