Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жаңалық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Аудан әкімі Қанат Кәрімов айтып өткендей, Баянауылдағы аэродром кішігірім ұшақтар мен тікұшақ ұшқыштарын даярлайтын оқу-жаттығу орталығы орналастырылады. Сот шешімі бар. Бұл қадамға қажет құжаттама әзірленуде.
Аэродром жолаушыларға тұрақты түрде неге қызмет көрсетпейтіні де сөз болды.
Тұрақты жолаушылар рейстерін ұйымдастыруға рұқсат жоқ. Кешен оқу-жаттығу рейстерін ғана жүзеге асыратын мамандандырылмаған аэродром ретінде ғана тіркелген, – дейді Қанат Кәрімов.
Болашақта Баянауылда чартерлік рейстер қабылдайды деп жоспарлануда. Тұрақты әуе рейстері үшін «Казаэронавигация» МКК рұқсат алу да қарастырылуда.