Баян-Өлгийге Қазақстаннан барған жігіттен вирус анықталған жоқ

17 Наурыз 2020, 09:39
1692
Бөлісу:
Баян-Өлгийге Қазақстаннан барған жігіттен вирус анықталған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағына Қазақстаннан барған жігіттен коронавирус індеті анықталған жоқ. Бұл туралы Баян-Өлгий аймағының Денсаулық сақтау департаменті мәлімдеді.

Қазақстан Республикасынан наурыздың 14-і күні Цагааннуур шекара бекеті арқылы өткен бір азаматтан коронавирус індеті анықталды деген күдікпен карантинге жатқызылып, вирустық тесті Ұланбатырдағы сараптама орталығына жіберілген болатын. Бүгін нәтижесі белгілі болды. Күдікті азаматтан вирус анықталған жоқ - делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, 15 наурыз күні Баян-Өлгийге Нұр-Сұлтан, Павлодар бағыты арқылы барған моңғолиялық бір азамат коронавирус жұқтырды деген күдікпен оқшауландырылған болатын. 

Бұған дейін Моңғолияда бір Француз азаматы және моңғолиялық 3 азамат тіркелгені туралы хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы