Моңғолияда коронавирус инфекциясы тіркелді

10 Наурыз 2020, 09:27
1640
Бөлісу:
Моңғолияда коронавирус инфекциясы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның Мемлекеттік төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия коронавирустың жаңа түріне шалдыққан алғашқы жағдайдың тіркелгенін хабарлады.

Монцамэ ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, вирус жұқтырған адам Моңғолияға Франциядан Мәскеу арқылы келген екен.
Билік оның қасында болған адамдардың барлығын анықтағанын жеткізді.
Өзгелердің жаңалығы