Батыстық әріптестермен тығыз байланыстамыз. Смадияров санкция қаупі жайында

28 Тамыз 2023, 17:49
573
Бөлісу:
Батыстық әріптестермен тығыз байланыстамыз. Смадияров санкция қаупі жайында
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Біз апта сайын тығыз қарым-қатынастамыз. СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров санкциядан сақтану үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі СІМ-нің ресми өкілінен «Еуропалық парламенттің Сыртқы істер комитетінің төрағасы Давид Макалистер Қырғызстанға барып ол жақта санкция бойынша ескерту жасады. Ал Қазақстанға санкцияға іліну қаупі бар ма?» сұрады.

Бізде арнайы топ бар. Егерде қандай да қауіп төніп жатса, біздің бастыстық әріптестеріміз алдын ала хабарлайды. Кейін біздің тиісті органдар бұл қауіпті жою үшін немесе келісімді ретіне келтіру үшін тиісті жұмыстарын жүргізеді, - деп жауап берді Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бүгін Еурокомиссия Ресейдің санкцияларды айналып өтуіне көмектесті деп күдікк ілінген Қазақстан мен Түркияға қатысты тексеруді бастады.

Сондай-ақ, бұған дейін Айбек Смадияров ресейлік консул болған Евгений Бобровтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдіргендігін және Қазақстан МАГАТЭ-ні сотқа бермейтінін айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы