Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты

21 Қаңтар 2024, 10:32
525
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: БҚО ПД-нің баспасөз қызметі

Полиция департаментінің мәліметінше, екі оқиға да 20 қаңтар күні Орал-Атырау жолында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол апаты таңғы сағат 09.00 шамасында Орал-Атырау жолының 79-шақырымында болды. 1963 жылғы жүргізуші басқарған Volkswagen Passat автокөлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылған. Содан қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен түйісіп, Volkswagen Passat жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.

Екіші апат сағат 16.55-те болған. Ақжайық ауданы Самал ауылы маңында 1983 жылғы Өзбекстан азамат «Мазда СХ-7» автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. DAF жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісімен қатар 1984 жылғы әйел мен 2012 жылғы жасөспірім оқиға орнында қаза тапты. 2009 жылғы жасөспірім Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Барлығы Өзбекстан азаматтары екені белгілі болды.

Апаттың мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы