Батыс Қазақстанда 600 тоннадай шөп жанып кетті

18 Шілде 2022, 20:30
1260
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда 600 тоннадай шөп жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға 18 шілде күні Теректі ауданы Богданов ауылдық округінде болды.

Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Таңғы сағат 04.00-де «Родина» ЖШС аумағында 2405 орама (рулон) шөптің отқа оранғаны жөнінде хабар түсті. Өртті сөндіруге департаменттен 4 қызметкер (1 техника) жұмылдырылды. Сондай-ақ ерікті өрт сөндіру құрылымынан 10 адам, 3 трактор, 1 су құйғыш техника тартылды. Тілсіз жау бөлек үйілген 6 іскіртті (600 тоннадай) жалмады. Өрт 07.22-де оқшауланды. Алдын ала болжам бойынша өрт қасақана от қоюдан шыққан. БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады, - деп хабарлады ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы