Батыр Жүкембаев АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

30 Мамыр 2021, 11:10
3408
Бөлісу:
Батыр Жүкембаев АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 жастағы жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев 29 жастағы пуэрторикалық Сабрриэл Матиастан жеңілді.

Бұл жекпе-жек Лос-Анджелесте өтті. Батыр бұрын-соңды АҚШ-та бокстаспаған. Ол осыған дейін барлық жекпе-жегін Канадада кәсіпқой ретінде өткізді. Пуэрторикалық шаршы алаңда 17 жекпе-жек өткізіп, 16-сында жеңіске жеткен. Оның барлығын мерзімінен бұрын аяқтаған.  2019 жылы онымен жекпе-жек өткізген ресейлік боксшы Максим Дадашев жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Бұл жолғы жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған. Төртінші раундта  Матиас жерлесімізді нокдаунға жіберді. Ал 8-раундтан кейін Жүкембаев кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Қазақстандық спорттық карьерасындағы алғаш рет жеңілді. Бұған дейін ол өзінің 18 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Жүкембаев - Матиас жекпе-жегі IBF тұжырымының «жартылай жеңіл салмақта әлем титулына міндетті үміткерді анықтау үшін өткізіліген болатын. Енді  пуэрторикалық боксшы  12 маусымда өтетін Льюис Ритсон (21-1, 12 КО) (Ұлыбритания) - Джеремиас Понсе (27-0, 17 КО) (Аргентина) арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады.



Өзгелердің жаңалығы