"Батыл әрі сенімді болыңыздар". Голивудтық жұлдыз жас актерлерге кеңес берді

17 Қыркүйек 2023, 20:50
1092
Бөлісу:
"Батыл әрі сенімді болыңыздар". Голивудтық жұлдыз жас актерлерге кеңес берді
Фото: Comic Con

Comic Con Astana халықаралық фестивалінің хедлайнерлерінің бірі, голливуд актері Майкл Рукер жанкүйерлерімен кездесіп, жас актерлерге кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Фестивальдің БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында Майкл Рукерге «Мансабын енді бастап жатқан актерлерге қандай кеңес бересіз» деп сұрақ қойылды.

Голивуд жұлдызының айтуынша, ең алдымен «өз жолыңды таптың ба?» осы сұраққа жауап беру керек. Сондай-ақ, «әрине, мұндай мақсатқа жету үшін батыл болу керек» деп кеңес берді ол.

Мансабыңызды бастаған кезде дұрыс білім алуыңыз керек, кейін театрда жұмыс істеп көріңіз. Ал, шынай өмірге қадам басқанда сізге бәрі төлейтіндей болсын, - деп жауап берді актер.

Сонымен қатар Рукер неге зұлым рөлдерді көп ойнайтынын айтты.

Сценарийді оқыған кезде мені қызықтыратын болса және өзімнің кретивімді аша алатынымды білсем ғана сол рөлді таңдаймын. Мұны бұрыннан байқайтынмын, көшеде жолдың арғы бетіне өткенде де адамдар ерекше қарайтын, мұны режиссерлер мен продюсорлер де байқаған шығар, білмеймін, - дед америкалық актер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Майкл Рукер қазақтың қазысы туралы пікір білдірген еді. 

Өзгелердің жаңалығы