Майкл Рукер қазақтың қазысы мен фильмге түсуі жайлы

17 Қыркүйек 2023, 19:18
1081
Бөлісу:
Майкл Рукер қазақтың қазысы мен фильмге түсуі жайлы
VIDEO
Фото: автордан

Астанада өтіп жатқан Comi Con фестивалінің хедлайнері Майкл Рукер қазақтың қазысы ұнайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Comi Con қонағы әйгілі актер Майкл Рукер БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді.

Оған “Қазақтың қазысы ұнады ма?” деген сұрақ қойылды.

Иә, маған қазы ұнайды. Дәмін кеше ғана таттым. Оның сорпасын да көрдім, бірақ дәмін көріп үлгермедім, – деді актер.

Ол ұлттық тағамды өзіне “үлкен қазанмен” әкелуді сұрады.

Майкл Рукер қазақтың қазысы мен фильмге түсуі жайлы

Сондай-ақ БАҚ өкілі Рукерге “Қазақ фильмге түскіңіз келе ме?” деп сұрады.

Әлі қазақ киносымен таңсық емеспін. Әзірше нақты жауап бере алмаймын. Қазақстанда тәжірибем енді басталды. Қазіргі Астана жүрген әр сәтім ұнайды, – деді америкалық актер.

@baq.kz_ Астанада өтіп жатқан Comi Con фестивалінің хедлайнері Майкл Рукер қазақтың қазысы ұнайтынын айтты. #baqkz #comicon2023 #comicon #майклрукер #астанакомикон #астана #comiconastana2023 #michaelruker #comics #баккз #комикс @Olzhas Aday ♬ оригинальный звук - baq_kz
Өзгелердің жаңалығы