Бастысы, тәліптер өз уәдесін орындауы тиіс – Ресей Сыртқы істер министрі

12 Қазан 2021, 16:12
10478
Бөлісу:
Бастысы, тәліптер өз уәдесін орындауы тиіс – Ресей Сыртқы істер министрі
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өткізілген АӨСШК кездесуінде Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ауғанстандағы саяси жағдай туралы пікір білдірді. 

Бастысы, тәліптер өз уәдесін орындауы тиіс – Ресей Сыртқы істер министрі
Пандемия кезеңінде Азия елдері қалыпты даму динамикасын сақтады. Эпидемия аймақтағы елдердің жинақталған проблемарының барын дәлелдеді. Алдағы уақытта мұндай ұмтылыс ұжымдық шешімдер кезінде шиеленіскен мәселелерді алдын алуға мүмкіндік береді, - дейді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі. 
Оның мәлімдеуінше, Азия елдерінің арасындағы таралған мәселенің бірі – геосаяси мәселе.

Бастысы, тәліптер өз уәдесін орындауы тиіс – Ресей Сыртқы істер министрі
НАТО мүшелерінің мерзімінен бұрын шығуы Ауғанстандағы қарама-қайшылықтарды шиеленістірді. Елде көптеген қару-жарақ пен әскери техника қалды. Олардың деструктивті мақсатта қолданылмағаны маңызды. «Талибан» қозғалысы есірткі бизнесімен және терроризммен күресті, көрші мемлекеттерге тұрақсыздықты емес, инклюзивті үкімет құруды көздейтінін мәлімдеді. Ең бастысы, берген уәделерінің бәрі орындалса, - деді Сергей Лавров Азиядағы өзара іс -қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің алтыншы кездесуінде сөйлеген сөзінде.
Сонымен қатар Сергей Лавров Ресейдің АӨСШК құрамындағы елдер үшін COVID-19 індетіне қарсы елеулі үлес қосып жатқанын мәлім етті. 

Ресей COVID-19-ға қарсы жаһандық күреске белсенді түрде қатысуда. Біз дәрі-дәрмектермен, сынақ жүйелерімен, жабдықтармен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуді арттырамыз. Біз дамушы елдерге технологияны беру мәселелеріне ерекше мән береміз, - дейді Сергей Лавров.
Бастысы, тәліптер өз уәдесін орындауы тиіс – Ресей Сыртқы істер министрі
Өзгелердің жаңалығы