Бас прокуратура Данияр Ақышевтың «ісіне» қатысты хабарлама таратты

3 Шілде 2019, 16:06
6728
Бөлісу:
Бас прокуратура Данияр Ақышевтың «ісіне» қатысты хабарлама таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас прокуратурасы Ұлттық банктің бұрынғы басшысына қатысты хабарлама таратты.

"Бас прокуратура 2019 жылдың 3 шілдесіндегі жағдай бойынша ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Данияр Ақышевқа қатысты қылмыстық құқықбұзушылық фактісі Сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізіліміне тіркелмегенін хабарлайды.Оған байланысты қылмыстық істердің еліміздің құқыққорғау органдарының қарауында бар-жоғы туралы мәліметіміз жоқ", - деп жазылған ведомствоның телеграмм каналында.

Бұған дейін БАҚ бетінде Данияр Ақышевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат тараған болатын.
Өзгелердің жаңалығы