Бас прокуратура: Аягөздегі 4 баланың өліміне қатысты тергеу басталды

26 Қазан 2023, 11:39
1220
Бөлісу:
Бас прокуратура: Аягөздегі 4 баланың өліміне қатысты тергеу басталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бас прокуратура Аягөз қаласындағы төрт баланың өмірін жалмаған өртке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев растады.

Тергеу амалдары басталды. Өрттің не себепті болғаны бәрі анықталады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір сізге өрттің неден болғанын айта алмаймын, - деп жауап берді ол Сенаттың жалпы отырысынан соң кулуарда берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, 25 қазанда таңертең Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінен өрт шығып, 4 баланың мәйіті табылған болатын. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін 20 шаршы метр көлемінде бөлмелердің бірі өртенгенін анықтаған.

Өзгелердің жаңалығы