Аягөзде өртенген үйден 4 баланың денесі табылды

26 Қазан 2023, 08:48
618
Бөлісу:
Аягөзде өртенген үйден 4 баланың денесі табылды
Фото: baq.kz

2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да Төтенше жағдайлар басқармасының күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінде түтін шыққандығы туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы жедел жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Kazinform-ға сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр аумақта жиһаздар мен жеке заттары жанғанын анықтады. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.

Оқиға орнынан төрт баланың денесі табылды.

Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде.

Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде.

Өзгелердің жаңалығы