Бас бармақпен кеудесін жерден 59 рет көтерген спортшы рекорд орнатты

18 Қыркүйек 2019, 02:51
1642
Бөлісу:
Бас бармақпен кеудесін жерден 59 рет көтерген спортшы рекорд орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияның 29 жастағы Ираклий Векуа есімді спортшысы бас бармақта тұрып кеудесін жерден минутына 59 мәрте көтеріп, рекорд орнатты, деп хабарлайды 24.kz.

Нәтижесінде Асад Ханиф есімді пәкістандық спортшының рекордын жаңартты. Ол өткен жылы 43 рет кеудесін жерден көтерген еді. Бұл көрсеткішті жаңарту үшін Ираклиға 47 секунд жеткілікті болған. Рекордтар федерациясының Грузиядағы өкілі осылай дейді.

"Мен жеткен нәтижеме өте ризамын. Дайындық кезінде ең үздік көрсеткішім 60 рет бас бармақта тұрып, кеудені жерден көтеру болған. Рекордты жаңарту үшін барлық күш-жігерімді салдым", - деді спортшы Ираклий Векуа.

Спортшы бұл көрсеткішті әлі де жаңарта түспек. Болашақта бас бармағымен минутына 80-100 мәрте кеудені жерден көтеруді мақсат етіп отыр. Бүгінгі нәтижесі Гиннес рекордтар кітабының өкілдеріне жіберілді. Ресми түрде 12 аптадан кейін грузиндік спортшы рекордтар кітабына енуі мүмкін.




Өзгелердің жаңалығы